Үкімет 235 мың теңге білім капиталын береді: «Келешек» жинақтау жүйесі қалай жұмыс істейді?

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: .kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2025 жылдың наурыз айынан «Келешек» білім беру жүйесі іске қосылады. Бұл – баланың жоғары біліміне қаржы жинауға бағытталған бағдарлама. Президент Қасым-Жомат Тоқаев «Келешек» бағдарламасы туралы заңға 10 қаңтарда қол қойды.

Бағдарламаға баласының Қазақстан мен шетелдегі біліміне қаржы жинаймын деген ниеті бар ата-аналар қатыса алады. Жинақтау жүйесіне қатысу – ерікті.

«Келешек» бағдарламасының шарттары қандай?

«Келешек» бағдарламасы аясында ашылған есепшотқа қаржы бірнеше көзден құйылады. Мемлекет 5 жасқа дейінгі балаларға ашылған ессепшотқа бастапқы білім капиталын аударады. Оның көлемі – 60 АЕК, ал ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға 120 АЕК көлемінде ақша аударады. 2025 жылы 60 АЕК 235,9 мың теңгеге тең, 120 АЕК 471,8 мың теңгені құрайды.

«Келешек» есепшотына ата-ананың бір жылда құятын қаржысы 24 АЕК-тен (95 мың теңге) төмен болмауы керек. Яғни айына кемінде 8 мың теңге салып отыруға болады. Шотқа қаржыны бірден аударуға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар есепшоттағы қаржыға жыл сайын 5% (әлеуметтік осал топтарға 7%) мемлекеттік сыйақы түсіп отырады.

Одан бөлек банктер мен сақтандырушы инвестициялық табысы да есептеледі. «Келешек» жүйесімен жинаған қаржыны кейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасымен түскен ақшамен біріктіруге болады. Осылайша, бала мектеп бітірем дегенше шотта қомақты қаржы жинақталады.

Қандай шектеу бар?

Мемлекетттің 235 мың теңге білім капталы тек 5 жастағы балаларға ашылған шоттарға түседі. Ал ата-анасы 5 жастан асқан балаға мемлекеттің төлемі түспейді. Ал баланың жасы беске толмаса, білім капиталы бала 5-ке толғанда ғана аударылады.

Тағы бір мәселе, есепшотқа жыл сайын ақша салып отыру керек. » Келешекпен» қаржы жинаймын деп арнайы есепшот ашып, бірақ кейін оған ақша салмаса, мемлекеттің 60 АЕК қаржысы бюджетке қайтады.

Есепшотты қайдан ашады?

«Келешек» бағдарламасына қатысу үшін серіктес банктерде арнайы есепшот ашу керек. Шот ашқан соң, мемлекеттен ақша бірден сол шотқа түседі. Әзірге банктер бұл бағдарлама бойынша есепшот ашып жатқан жоқ.

Дегенмен Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметі бойынша, негізгі серіктестер: «Отбасы банкі», «Халық Банкі», «Jusan Вапк», «Нұрбанк», сондай-ақ «ВТБ Банк». Бұдан бөлек бағдарлама іске қосылған соң, Bank RBK, Еуразиялық банк, Bereke Bank және «Қазпошта» ұлттық пошта операторы да жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар 5 сақтандыру компаниясымен ынтымақтастық орнатылады.

Бала грантқа түссе, қаржыны алуға бола ма?

Бала мектеп бітірген соң, жоғары оқу орнына грантқа түссе, жинақталған қаржыны:

  • басқа баланың есепшотын аударуға;
  • басқа жоғары білім алуға жұмсауға;
  • тұрғын үй сатып алу мен жөндеуге жұмсауға;
  • одан әрі жинау беруге болады.
Сондай-ақ оқыңыз