Қазақстандықтардың депозитте жинаған ақшасы бір жылда 20% өскен
2024 жылдың қорытындысы бойынша банктерде қазақстандықтардың 41,3 млн теңге депозиті жинақталған. Бұл – қарапайым халық пен бизнестің салымы. Бір айда депозиттегі қаржы 7%-ға өссе, бір жылда 19,1% өсім байқатқан.
Ұлттық банк статистикасына сәйкес, желтоқсан айында жалпы депозит көлемі 38,5 трлн теңгеден 41,2 трлн теңгеге жетті. Соның 32 трлн теңгесі – теңгеде сақталған депозиттер. Ал шетел валютасындағы салымдардың көлемі 9,2 трлн теңгені құрайды.
Ұлттық валютада сақталған депозиттің 19 трлн теңгесі жеке тұлғаларға тиесілі болса, қалғаны – бизнестің жинаған қаржысы. Ал шетел валютасында ашылған депозиттердің тең жарымы халықтікі болса, қалғаны бизнестің қаржысы. Бұл ретте долларда сақталған депозит көлемі 22 %-ға азайған.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының дерегі бойынша, қазір теңгедегі депозиттердің пайыздық сыйақысы жоғары. Пайыздық сыйақысы жоғары болғандықтан, теңгедегі салымдар 1,5 есе өскен