2024 жылы банктер 2,55 трлн теңге таза пайда тапты

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2024 жылы Қазақстан банктерінің таза пайдасы 17%-ға өсіп, 2,55 трлн теңгені қүраған. Бұл туралы Ұлттық банктің елдегі екінші деңгейлі банктердің кірісі мен шығысы туралы есебінде жазылған.

Былтыр банктердің жалпы кірісі 71,4 трлн теңгеден асса, шығыны 68,4 трлн теңгені құраған.

Қазақстанда 21 екінші деңгейлі банк бар. Олардың жиынтық активі 61,5 трлн теңгеге жеткен. Бір жылдағы өсім 20%-ды, ал міндеттемелері 52,6 трлн теңгені құрайды.

Бұған дейін банктердің 11 айда жалпы 2,33 трлн теңгеден аса таза пайда тапқанын жағанбыз. Банктер арасында көш бастап тұрған Halyk Bank-тің 11 айдағы таза пайдасы 793,3 млрд теңгені құраса, Kaspi Bank 490,9 млрд теңге пайда алған. Ал Банк ЦентрКредит осы кезеңде 177,1 млрд теңге таза табыс тапқан.

Сондай-ақ оқыңыз