Президент мемлекеттен қаржылай көмек алған банктерге ақшаны кері қайтаруды тапсырды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Президент мемлекеттен қаржылай көмек алған банктерге ақшаны кері қайтаруды тапсырды
Президент мемлекеттен қаржылай көмек алған банктерге ақшаны кері қайтаруды тапсырды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттен қаржылай көмек алған екінші деңгейлі банктердегі ақшаны кері қайтаруды Ұлттық банкке тапсырды.

«Бір нәрсені атап өткім келеді: банктер Үкіметтің, соның ішінде халықтың жауы емес. Бірақ диалог негізіндегі әділ серіктестік орнауға тиіс. Кезінде сіздерге көмектестік, енді сіздердің кезектеріңіз келді», – деді президент. 

Тоқаевтың айтуынша, 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін бірнеше банк Ұлттық қор есебінен 15 жылға қаржылай көмек алған. Бұл қаржыға банк акционерлері де жауапты болады деген талап қойылған. Президент бірқатар банктердің шығындарын өтеп алғанын, алайда мемлекетке тиесілі қаржыны қайтармай, тіпті сол ақшаны кепілге беріп, пайда тауып отырғанын айтты. Бұл қаржыны қайтару үшін Үкімет пен Ұлттық банкке тапсырма берді.

Оның айтуынша, банктердің ресурстарын ірі инфрақұрылымдық жобаларға тартып, мемлекет бөлетін қаржыны несие мөлшерлемесімен кезең-кезеңімен субсидиялауға болады. Бұл банктердің қаражатын экономикалық айналымға түсіріп, жобалардың қаржыландыру көлемін арттырады.

Айта кетейік, осыған дейін президент Ұлттық банкке валютаны тұрақтандыру мәселесін Үкіметпен бірге қарауды тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыз