2025 жылы үкіметтік сыртқы борышты өтеуге бюджеттен 2 трлн теңге жұмсалады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2025 жылы республикалық бюджеттен сыртқы үкіметтік борышты өтеуге 1,7 трлн теңге жұмсалады. Ал борышқа қызмет көрсетуге 344 млрд теңге қарастырылған.

Бұл туралы Қаржы министрлігінің Кursiv.Мedia-ның ресми сауалына берген жауабында жазылған.

«2025 жылға арналған республикалық бюджетте сыртқы үкіметтік борышты өтеуге 1 703,3 млрд теңге, үкіметтік сыртқы борышқа қызмет көрсетуге – 344,0 млрд теңге мөлшерінде қаражат көзделген», – делінген жауапта.

Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейілдің қолы қойылған жауапта бұл қаржы республикалық бюджеттен алынатыны жазылған.

Биыл Қазақстан қай елдерден қарыз алуды жоспарлап отыр

Қаржы министрлігінен «2025 жылы Қазақстан қай елдерден және қанша қарыз алуды жоспарлап отырғанын» сұрағанбыз. Алайда министрлік нақты жауап бермеген.

«Сыртқы капитал нарығы бюджет тапшылығын қаржыландырудың балама көзі ретінде қарастырылады және сыртқы нарықтарға шығу туралы шешім ішкі өтімділік көлеміне және сыртқы капитал нарықтарында қолайлы жағдайлардың болуына байланысты болады»,- делінген жауапта.

Қазақстанның сыртқы қарызы қанша?

Ұлттық банк дерегіне сәйкес, Қазақстанның сыртқы борышы 166 мың долларға жетті. 2024 жылдың 9 айында 2,3 млрд долларға өсті.

Сыртқы борыштың басым бөлігі – жекеменшік сектордың тартқан қарызы. Ол қазір 135 млрд долларға тең. Ал үкіметтік қарыз көлемі 15 млрд доллардан асады,

Сондай-ақ оқыңыз