
Жарықты бұрынғыдай пайдалансаңыз да, төлеміңіз өсуі мүмкін. Қазақстанда электр плитасы бар үйлерге арналған бірінші деңгей тарифімен 100 кВт·сағ электр энергиясының құны қаңтардағы 2 425 теңгеден қазанда 2 708 теңгеге жетті. Бірдей көлемдегі тұтыну үшін төлем 283 теңгеге немесе 11,7%-ға артқан.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, ең жоғары өсім Алматы мен Қонаевта тіркелген. Екі қалада да 100 кВт·сағ құны 2 860 теңгеден 3 428 теңгеге көтерілді. Яғни қаңтармен салыстырғанда осы көлем үшін 568 теңге артық төлеуге тура келеді. Өсім – 19,9%.

Салыстыруға алынған, дерегі бар 19 қаланың бәрінде электр энергиясының құны өскен. Қызылорда бойынша осы тариф санатында екі айда да мәлімет жоқ. Ақтауда бірыңғай тариф қолданылады.
Есеп электр плитасы бар үйлердің бірінші деңгей тарифіне негізделген. 100 кВт·сағ – барлық қалаға бірдей алынған салыстыру көлемі, нақты орташа айлық тұтыну емес. Үйдің нақты төлемі тұтынған энергия көлемі мен қолданылатын тариф деңгейіне байланысты.