Ұлттық банк қаңтарда Ұлттық қордан 850 млн доллар сатты
Қаңтар айында Ұлттық банк Ұлттық қордан 850 млн доллар сатты. Одан түскен қаржы республикалық бюджетке трансферт ретінде құйылған. Сондай-ақ «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырын қаржыландыруға жұмсалды. Бұл туралы Ұлттық банктің ақпараттық хабарламасында жазылған.
Ал ақпан айында бас банк Ұлттық қордан 550-650 млн доллар сатуды жоспарлап отыр.
Ұлттық Банк Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша республикалық бюджетке трансферт бөлуге ақпанда Ұлттық қордан 550 млн АҚШ долларынан 650 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп күтеді.
Теңге бағамы қандай болды
Қаңтар айында теңге бағамы сәл нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 518,2 теңгені құраған. Бұл айда биржада 4,5 млрд доллар сатылған. Қазақстан қор биржасындағы орташа күндік сауда көлемі бір айда 254 млн АҚШ долларынан 227 млн АҚШ долларына дейін төмендеген. Соның ішінде Ұлттық қордан сатылған валюта көлемі сауда-саттықтың 19%-ын құрады.
Ұлттық Банк қаңтарда зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне АҚШ долларын сатып алмаған. Ақпанда БЖЗҚ-ға валюта сатып алынбайды.
Алтын сатып алу
Қаңтар айында Ұлттық Банк алтын өндіруші кәсіпорындардан бұрын сатып алынған алтынды сатудан түскен АҚШ долларын ішкі валюта нарығында сату туралы шешім қабылдаған.
Соның негізінде аясында қаңтарда 244 млрд теңгеге валюта сатылған. Ал ақпанда алтын сатудан түскен валюта 250 млрд теңгеге сатылуы ықтимал.