Қазақстанның қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік қайта жанданды
2025 жылдың қаңтар айындағы Freedom Holding Corp. және S&P Global ұсынған PMI® индексі бойынша Қазақстанның қызмет көрсету саласы қайта жанданып, оң динамика көрсетті. PMI индексі 49.7-ден 51.3-ке өсіп, 2024 жылдың шілде айынан бергі ең жоғары деңгейге жетті.
Іскерлік белсенділіктің артуы
Қаңтар айында қызмет көрсету саласында жаңа кәсіпорындар саны артқан. Жаңа тапсырыстар көлемі алты ай ішіндегі ең жоғары деңгейге жетті. Кәсіпорындар жұмысшылар қатарын көбейтіп, 2022 жылдың тамызынан бергі ең үлкен жұмыспен қамту өсімін көрсетті.
Баға қысымы күшейді
дегенмен өткен айда ресурс бағасы мен дайын өнім құнының қымбаттауы инфляцияның күшеюіне әсер етті. Шикізат пен логистика шығындарының өсуі баға инфляциясын үдетіп, өнім бағалары 11 айлық максимумға жетті.
Сұраныстың өсуіне байланысты кәсіпорындар шығындарын тұтынушыларға аудара бастады.
Жұмыспен қамту және сенім деңгейі
Жаңа жұмыс орындарының ашылуы сауалнама басталған алты жылдан бергі ең қарқынды көрсеткішке жеткен.
Қызмет көрсету саласындағы кәсіпкердер 2025 жылы да осы өсім қарқыны сақталады деген үмітте. Бұдан бөлек, оптимизм деңгейі соңғы он айдағы ең жоғары көрсеткішке жетіп, зерттеу аясындағы орташа мәннен асып түсті. Оған сұраныс артып, геосаяси жағдай жақсарады деген үміт пен жаңа қызмет түрлерін іске қосу жоспары әсер еткен.
Қаңтар айында өңдеу өнеркәсібіндегі іскерлік белсенділік баяулаған болатын.