Ұлттық қордан алынатын нысаналы трансферт көлемі шектелмек

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Business News бөлімінің редакторы
Ұлттық қордан қанша ақша алынады / Фото: shutterstock

Жаңа Бюджет кодексінде Ұлттық қордан алатын нысаналы трансферт көлемі шектеледі. Ұлттық экономика министрін Серік Жұманғарин Сенат кулуарында нысаналы транасферт көлемі кепілдендірілген трансферттің 30%-нан аспайтынын айтты.

«Қазіргі кезде нысаналы трансферт көлемі шектелмеген. Тек қандай бағыттарға жұмсалатыны шектелген. Енді алынатын қаржы көлемін нақты белгілеуді жоспарлап отырмыз. Ол кепілденділген трансферттің 30%-нан аспауы шарт», – деді министр.

Кепілдендірілген трансферт көлемі қанша?

Қазіргі кезде Ұлттық қор туралы заңға сәйкес, кепілдендірілген трансферт көлемі 2 трлн теңге. Ал оның 30 пайызы 600 млрд теңгеден сәл асады. Алдағы жылдары қордан 2,6 трлн теңге ғана алу көзделіп отыр.

Сонымен қатар Ұлттық қордан берілетін трансферттер тек аса қажетті инфрақұрылымды және республикалық маңызы бар жобаларды дамытуға бағытталмақ.

Қордағы қаржы көлемі

Қазақстанның болашақ ұрпағына деп жинап жатқан қорында қазір 32,65 трлн теңге жинақталған. 2025 жыл басында бір айда қордағы қаржы 402 млрд теңгеге азайды.

2024 жылы бюджет тапшылығын жабу үшін қордан 6,3 трлн теңге пайдаланылды. Оның тек 2 трлн теңгесі – кепілдендірілген трансферт болса, 3,6 трлн теңгесі – нысаналы трансферт. Қалған бөлігіне квазимемлекеттік компания акциялары сатып алынған.

Қаңтар айында Ұлттық қордан 550,5 млрд теңге алынды.

Сондай-ақ оқыңыз