Халық қолма-қол ақшасыз төлемге басымдық береді: 2024 жылы қанша транзакция жасалды?

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қазақстандықтар қолма-қол ақшасыз төлем жасағанды жөн көреді / Фото: shutterstock.com

2024 жылы халық күн сайын орта есеппен 35,1 млн қолма-қол ақшасыз операция жасап, олардың жалпы сомасы 453,6 млрд теңгені құраған. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлайды.

Былтыр халық жасаған транзакция көлемінде қолма-қол ақша үлесі 13%-ды құраған. Қалғаны – қолма-қол ақшасыз жасаған операциялар.

 «2024 жылдың қорытындысы бойынша, қолма-қол ақшасыз операциялар»санының өсуі 13,4% (жалпы саны – 12,8 млрд операция), көлемі – 17% (жалпы көлемі – 166,1 трлн теңге) құрады», – делінген ҰБ хабарламасында.

Ұлттық банк мәліметінше, бүкіл операция көлемінің 87%-ы қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға тиесілі. Олардың басым бөлігі банктердің онлайн-сервистері арқылы жүргізілген.

Бұған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылары ел экономикасында қолма-қол ақша үлесі артып жатқанын мәлімдеген.

Сарапшыларының пайымдауынша, қолма-қол ақша үлесінің артуына инфляцияның күшеюі, мобильді аударымдарды бақылауды қатаңдату мен көлеңкелі экономиканың үлесінің артуы себеп болған.

Сондай-ақ оқыңыз