![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/kamaldin-diana-1024x576.png)
Кәсіпкерлік пен бизнесті дамыту тақырыптарында жазылған көптеген кітап бар. Алайда олардың ішінде, шын мәнінде, пайдалы, мотивация беретін және көзқарасты өзгерте алатын еңбектер сирек кездеседі. Белгілі кәсіпкер Диана Камаладин өзі оқып шыққан 5 үздік кітабымен бөлісті.
«Нөлден бірге дейін» – Питер Тиль
Кремний алқабының атақты инвесторы және PayPal негізін қалаушылардың бірі Питер Тиль бұл кітабында инновацияның маңыздылығын түсіндіреді. Автор кәсіпкерлерге бәсекелестіктен алшақтап, мүлде жаңа өнімдер жасауға кеңес береді.
«Көгілдір мұхит стратегиясы» – Чан Ким
Бұл кітапта бәсекелестікке түспей, нарықта өз орныңды табу жолдары талқыланады. Авторлар бизнестегі «қызыл мұхит» (қатты бәсекелестік) және «көгілдір мұхит» (еркін, жаңа нарық) ұғымдарын енгізеді. Негізгі ой: жаңа нарық құрып, бәсекелестіктен тыс болуды үйретеді.
«Бәрін тастап, іске кіріс!» – Ричард Брэнсон
Virgin Group-тың негізін қалаушысы Ричард Брэнсон өзінің өмірі мен кәсіпкерлік тәжірибесінен алынған маңызды сабақтарымен бөліседі. Бұл кітап батылдық, тәуекелге бару және бизнеске еркін көзқарас туралы.
«Аяқ киім сатушы. Nike компаниясының тарихы» – Фил Найт
Nike бренді қалай пайда болды? Оның артында қандай қиындықтар мен шешімдер тұрды? Бұл кітап – бренд қалыптастыру және компанияны әлемдік деңгейге шығару туралы шынайы оқиғаға негізделген.
«Әсер экономикасы» – Джеймс Х. Гилмор & Джозеф Пайн
Бүгінгі заманда өнім немесе қызмет жеткіліксіз – адамдарға ерекше әсер қалдыратын тәжірибе ұсыну маңызды. Бұл кітап тұтынушыларға өнім емес, эмоция мен сезім сыйлау арқылы бизнесті дамыту жолдарын түсіндіреді.
Бұған дейін Шавкат Рахмоновтың сүйікті кітаптарымен бөліскен едік.