BI Group және Bazis-A құрылыс компаниялары 16 млрд теңге салық қарыз

BI Group және Bazis-A құрылыс компанияларының салық берешегі 16 млрд теңгеден асты. KursіvMedia сауалына жауап берген Қаржы министрлігі компанияларға салыққа қатысты ескерту хабарлама жібергенін мәлімдеді.
«Bazis-A компаниясының салық салынатын кірістерді 4,6 млрд теңге сомасына, Bi group компаниясына 11,9 млрд теңге сомасына төмендеткені туралы хабарлама жіберілді», – деп жауап берді министрлік жауабында.
Ведомство арнайы салық режимдерін пайдаланатын компанияларда және жалпы салық режимінде жұмыс істейтін ұйымдарда өзара есеп айырысуға қатысты тексеру жүргізіп жатқанын айтты. Талдау 2022-2023 жылдардағы деректерді қамтып, салық төлемдеріндегі қателіктерді анықтауға бағытталған.
«Талдау көрсеткендей, компаниялар салық төлемдерін азайту үшін арнайы салық режимін пайдаланады. Камералдық бақылау рәсімі салық төлеушілерге тексеру жүргізбей-ақ кірістерді өз бетінше түзетуге және салықтарды төлеуге мүмкіндік беретінін хабарладық», – делінген орган жауабында.
Еске сала кетейік, премьер-министр Олжас Бектенов осы компаниялардың салықтан жалтаруы туралы айтқан. Кейіннен BAZIS және BI Group бұл айыптауларға жауап беріп, салық міндеттемелерін толық көлемде және заңнамада белгіленген мерзімде орындайтындарын мәлімдеген.