Ақпанда депозит бойынша орташа мөлшерлеме төмендеген

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Депозиттік жарыс: Банктер ұсынған жаңа мөлшерлемелер және алдағы өзгерістер
Ақпан айындағы депозиттік мөлшерлеменің өзгерісі / Фото: shutterstock

2025 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттің орташа мөлшерлемесі 13,5%-дан 13,3%-ға дейін төмендеді. Ұлттық банк осыған қатысты ай сайынғы есебін жариялады.

Өткен жылдың қаңтарында жеке тұлғалардың депозиттері бойынша орташа мөлшерлеме 14% деңгейінде болған. Бірақ жыл бойы біртіндеп төмендегені байқалды. Ал 2025 жылдың қаңтарында көрсеткіш уақытша 13,2%-дан 13,5%-ға дейін көтерілгенімен, ақпанда қайта кері кетті.

Мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлемелер салым мерзіміне байланысты өзгереді:

  • 1 айға дейін – 13,6%;
  • 1-3 ай аралығы – 15,3%;
  • 3 айдан 1 жылға дейін – 13,7%;
  • 1 жылдан 5 жылға дейін – 13,3%.

Заңды тұлғалардың депозиттері бойынша орташа мөлшерлеме керісінше, ақпанда 14,1%-дан 14,2%-ға дейін өсіп, біртіндеп 2024 жылдың басындағы деңгейге жақындап келеді (2024 жылдың қаңтары – 14,3%, ақпаны – 14%).

Заңды тұлғаларға берілетін теңгелік кредиттердің орташа мөлшерлемесі ақпанда 17,9%-дан 18,3%-ға дейін өсті (бір жыл бұрын – 18,1%). Ал жеке тұлғаларға берілетін кредиттер бойынша мөлшерлеме 21,8%-дан 20,5%-ға дейін төмендеді (бір жыл бұрын – 18,7%). Оның ішінде:

  • 1 айға дейін – 34,4%;
  • 1-3 ай аралығы – 20%;
  • 3 айдан 1 жылға дейін – 20,7%;
  • 1 жылдан 5 жылға дейін – 21,3%.

Жалпы 2024 жыл Қазақстанның банк секторы үшін сәтті десек те болады. Елдегі депозиттер көлемі алғаш рет 24,5 трлн теңгеге жетті. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20,3%-ға артық.

Егер сіз қай банктен депозит ашу тиімді деп ойланып жүрсеңіз, мына материалды оқып шығуды ұсынамыз. Оқырмандар үшін банктердегі тиімді депозиттерді шолып шықтық.

Сондай-ақ оқыңыз