KASE басқарма төрағасы Алина Алдамбергеннің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Алина Алдамберген
Алина Алдамберген / Фото: ашық дерек

2025 жылдың 28 наурызынан бастап KASE басқарма төрайымы Алина Алдамбергеннің өкілеттігі оның өз бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылды. Қор биржасының баспасөз қызметі осындай хабарлама таратты.

«Биржаны басқарған тоғыз жыл ішінде Алина Алдамберген Биржаның ауқымды технологиялық трансформациясын, халықаралық аренадағы позициясын нығайтуды және жаңа қаржы құралдарын енгізуді қамтамасыз ете отырып, KASE-ні дамытуда маңызды рөл атқарды. Оның стратегиялық пайымдауының арқасында KASE әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жоғары технологиялық сауда-саттық платформасына айналды», – деп жазылған қордың Алина Алдамберген жайлы хабарламасында.

Алина Алдамбергеннің басшылығымен:

  • KASE-нің биржалық айналымы 4 еседен астам артты.
  • Қор нарығындағы сауда-саттық көлемі 5 есе, мәміле саны 44 есе,
  • Акция нарығын капиталдандыру көлемі 2,7 есе, ал KASE индексі 6,5 есе өсті.
  • KASE тобының операциялық кірісі 10 есе көбейді, оған қоса комиссиялық кірісі 6 есе, пайыздық кірісі 37 есе артты.
  • KASE тобының таза пайдасы 15 есе, меншікті капиталы 8 есе көбейді.
  • KASE акционерлеріне дивиденд төлей бастады. 2024 жылы дивиденд сомасы 9,26 млрд теңге болды.

Оның қызметтен кететіні жайлы ақпарат 7 наурызда тарады.

«Біз ресми емес ақпарат бермейміз. Ресми жаңалық күтіңіз. Ал БАҚ қауесет шығарып жатыр, бұл дұрыс емес», – деген еді ол сол кезде Kursiv Media тілшісіне.

Кейін қор биржасы Алдамбергеннің 31 наурыздан бастап ресми түрде қызметінен кететінін хабарлады. Ол бұл қызметке 2016 жылы тағайындалған.

Алина Алдамбергеннің орнына биржаның жаңа төрағасы ретінде Әділ Мұхамеджанов таныстырылды.

Сондай-ақ оқыңыз