Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы бір жылда 3,8 трлн теңгеге өсті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: shutterstock

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 22,75 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш бір жыл ішінде 3,86 трлн теңгеге немесе 20,5%-ға өсті. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан хабарлайды.

Жинақ құрылымы:

  • Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақтар – 21,76 трлн теңге
  • Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – 653,83 млрд теңге (+9% жылына)
  • Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – 8,19 млрд теңге (+39,5% – ең жоғары өсім)
  • Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) – 329,12 млрд теңге (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген)

2025 жылдың алғашқы үш айында зейнетақы шоттарына жалпы 762,22 млрд теңге түсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,2%-ға немесе 138,62 млрд теңгеге артық. Оның ішінде ең көбі міндетті зейнетақы жарналарына тиесілі. Кіріс 630 млрд теңгені құрайды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының кірісі 35 млрд теңге, ерікті зейнетақы жарналарының кірісі 809 млн теңге.

Төлемдер мен аударымдар:

2025 жылдың үш айында барлық жарна түрлері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар бойынша төлемдер 371,44 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 92,5%-ға немесе 178,47 млрд теңгеге артық.

  • Біржолғы зейнетақы төлемдері (тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге) – 219,10 млрд теңге
  • Жас ерекшелігі бойынша төлемдер – 56,40 млрд теңге (+23,1%)
  • Мұрагерлік төлемдер – 16,63 млрд теңге
  • ҚР-дан тыс жерге тұрақты көшіп кетуіне байланысты төлемдер – 8,46 млрд теңге
  • Мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 801,25 млн теңге
  • Жерлеу төлемдері – 2,63 млрд теңге
  • Сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 67,43 млрд теңге

Еске салайық, соңғы өзгеріс бойынша зейнетақы қорындағы жеткілікті шектен асатын артық ақшаны баланың еміне жұмсауға болады. Нақты айтқанда, сирек кездесетін (орфандық) ауруларды емдеу, тіс пен туабітті ақауларды түзету, радионуклидтік және радиойодтерапия, радиохирургиялық ем, протон терапия мен көз ауруларына пайдалана аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз