«Ойыл-Несие» несие серіктестігі» лицензиясынан айырылды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
«Ойыл-Несие» несие серіктестігі» лицензиясынан айырылды/фото: Flickr
«Ойыл-Несие» несие серіктестігі» лицензиясынан айырылды/Фото: Flickr

«Ойыл-Несие» несие серіктестігі» ЖШС лицензиясынан айырылды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ақтөбедегі өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 2025 жылдың 25 сәуіріндегі бұйрығына сәйкес «Ойыл-Несие» несие серіктестігі» ЖШС микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылды», – делінген ақпаратта.

Мұндай шешімге ЖШС-ның заң талаптарын, уәкілетті органның, Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде бұзғаны себеп болған.

Енді микроқаржы ұйымы лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 30 күн ішінде атауынан «Несие серіктестігі» деген сөздерді, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын көрсететін сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге, не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауы керек.

Бұған дейін агенттік Қонаев қаласында «ProfitЦентр» микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылғанын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз