Telegram 35 млрд доллар стейблкоин сатылған заңсыз алаңдарды жапты

Elliptic сарапшыларының мәліметінше, Telegram мессенджеріндегі Haowang және Xinbi онлайн алаңдарында 35 млрд доллардың стейблкоины саудаланған. Енді олар жабылды. Бұл туралы CoinDesk хабарлады.
Elliptic сараптама компаниясы 2021 жылы Haowang ашылғалы бері мұнда 27 млрд доллардың транзакциясы стейблкоинмен жасалған. Компания оны тарихтағы ең ірі заңсыз онлайн сауда алаңы деп атады. Сараптама сейсенбі күні жарияланған, ал бүгін заңсыз алаңдар жабылғаны мәлім болды.
Xinbi онлайн алаңы 2022 жылдан бері 8,4 млрд доллардың транзакцияссын өткізген.
Мұндай сауда алаңдары әдетте Tor аноним браузері арқылы жұмыс істейді. Бірақ кейінгі уақытта олар қызметін Telegram мессенджеріне көшірген. Себебі оның миллиардтан аса қолданушысы бар.
Huione мен Xinbi-ді «кепілді» сауда алаңдары деп атайды. Себебі олар тауар мен қызметті өзі сатпайды, бар болғаны тұтынушыларға сауда жасайтын алаңқай ұсынады.