Freedom Holding капиталы 11 млрд доллардан асты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
pmi
Freedom Holding акцияларының құны көтеріліп жатыр / фото: freedomholdingcorp.com, бильд-редактор: Дастан Шанай

Freedom Holding Corp. компаниясының нарықтық капиталы 11 млрд доллардан асты. FRHC акциялары қор биржасында тағы 3 долларға көтеріліп, 183,07 доллар болды. Холдингтің бас директоры Тимур Турлов дәулеті 7,8 млрд долларға жетті.

NASDAQ қор биржасында Freedom акциялары көтеріліп жатыр. FRHC бір күнде 3, бес күнде 19, ал бір айда 56 долларға көтерілді. Қазір холдинг акциясы 183,07 доллар тұрады.

Акциялармен бірге компанияның нарықтық капиталы да өсті – 11,10 млрд доллар. Осыдан кейін холдинг басшысы Тимур Турловтың да дәулеті артты. Forbes-тің ғаламдық онлайн рейтингінде кәсіпкер байлығы 7,8 млрд долларға жетті.

Қазақстанның ең бай жеті адамы Forbes-тің ғаламдық онлайн рейтингінде былайша орналасты:

  • Тимур Турлов – 7,8 млрд доллар (410-орын);
  • Вячеслав Ким – 7,1 млрд доллар (478-орын);
  • Владимир Ким – 5,7 млрд доллар (634-орын);
  • Динара Құлыбаева – 5,5 млрд доллар (667-орын);
  • Тимур Құлыбаев – 5,5 млрд доллар (669-орын);
  • Болат Өтемұратов – 3,7 млрд доллар (1030-орын).

Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов бір апта бұрын Қазақстанның ең дәулетті адамы атанды. 37 жастағы кәсіпкер негізін қалаған Freedom Holding Орталық Азия, Еуропа және АҚШ-та жұмыс істейтін қазақстандық компания. Холдинг Құрама Штаттар нарығына 2015 жылы шықты.

Сондай-ақ оқыңыз