Ресейдің eKapusta микроқаржы ұйымы Қазақстан нарығына кіріп жатыр

Жарияланды
Шығарушы редактор, шеф-редактордың орынбасары
Business News бөлімінің тілшісі
eKapusta Қазақстандағы филиалын басқаратын адам іздейді / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай
eKapusta Қазақстандағы филиалын басқаратын адам іздейді / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

Ресей eKapusta микроқаржы ұйымы Қазақстан нарығына кіріп, Алматыдан филиал директорын іздестіріп жатыр. Жұмыс іздеуге арналған HeadHunter платформасында осындай хабарландыру пайда болды.

Платформада жарияланған шағын ақпаратта қаржы ұйымы Испения мен Мексикада жұмыс істейтіні айтылған. Енді ол тағы бірнеше нарыққа кіруді көздеп отыр.

«Бізбен бірге Қазақстанда бизнес құруға қосылып, одан соң кәсіпті әрі қарай басқарып алып кететін мамандар іздейміз», — деп жазылған хабарландыруда.

eKapusta — Ресейде 2012 жылдан бері eKapusta брендімен жұмыс істейтін микроқаржы ұйымы. Басты қызметі — жеке тұлғаларға қысқа және ұзақ мерзімге онлайн-займ ұсыну. Компания тек қана онлайн-форматта жұмыс істейді.

Ресей орталық банкінің мәліметінше, eKapusta Новосібірдегі «Русинтерфинанс» компаниясына тиесілі. Оны Ferrymill бақылайды. Ferrymill сайтында 10 млн тұтынушысы бары жазылған. Ол 1 млрд доллардан аса қаражатқа кредит берген. Бұған қоса, компания Испания, Мексика ғана емес, Үндістан мен Қазақстан нарықтарына да кірген.

Қазақстанда оның Balyq.kz микроқаржы ұйымы бар. Balyq активінің көлемі – 200,5 млн теңге.

Ұлттық банк мәліметінше, Қазақстанның микроқаржы нарығында 214 компания бар. Олардың бәрінің активі 1,7 трлн теңге. Ұйымдар 1,5 трлн теңгеге несие берген. Микроқаржы ұйымдары 2024 жылы 98,9 млрд теңге табыс тапқан.

Бұған дейін Kursiv.Media халық жылдан-жылға несиеге батып бара жатқанын жазған. Кейінгі екі жылда қазақстандықтардың несиесі жыл сайын 20-30%-ға өсіп отыр. Қазір елдің банк алдындағы борышы 23,3 трлн теңгеге жеткен.

Ал жақында 2026 жылдан тұтынушылық несие алу қиындай түсетіні мәлім болды.

Сондай-ақ оқыңыз