
Осы жылдың мамырындағы есеп бойынша, банк секторының активтері ұлғайып, 62,6 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен хабарлайды.
2025 жылғы сәуірде экономикаға берілген кредит 2,0%-ға 35,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Экономикаға берілген кредиттердің құрылымында ұлттық валютада берілген кредиттер 2,1%-ға яғни 32,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Ал шетел валютасында берілген кредиттер 0,5%-ға яғни 2,7 трлн теңгеге дейін көбейді.
Ал бизнес субъектілеріне берілген кредиттер 13,3 трлн теңгеге дейін өсті (2025 жылдың басынан 1,8%-ға өсу). Бизнеске берілген кредиттер құрылымында
- ірі бизнеске қарыздар 1,2%-ға 5,0 трлн теңгеге
- ШОБ субъектілеріне берілген қарыздар 3,3%-ға 5,8 трлн теңгеге
- жара кәсіпкерлерге берілген кредиттер 5,3%-ға 2,5 трлн теңгеге дейін өсті.
Жалпы биыл сәуірде бизнес нысандарына 1,7 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл 2024 жылғы сәуірмен салыстырғанда 16,2%-ға артық.
Халыққа берілген кредиттер 2025 жылғы сәуірде 1,5%-ға ұлғайып, 21,7 трлн теңгені құрады. Оған тұтынушылық қарыздардың 1,9%-ға 14,7 трлн теңгеге дейін және ипотекалық қарыздардың 1,3%-ға 6,2 трлн теңгеге дейін ұлғаюы себеп болды.