BNK банк депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қосылды

Жарияланды 26 Маусым 2025 18:04

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business News бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
BNK
Жаңа банк депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қосылды / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Милош Муратовский

Оңтүстік кореялық  BNK Commercial Bank  Қазақстанның депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне ресми түрде қосылып, қорға қатысушы 20 банктің бірі атанды. Бұл туралы ақпарат Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) ресми сайтында жарияланды.

ҚДКҚ басқарма төрағасы Әділ Өтембаевтың айтуынша, жаңа банк жүйеге қосылған сәттен бастап қ жеке тұлғалардың депозиттері басқа банктердегі салымдармен тең деңгейде қор кепілдігімен қорғалады.

«Жаңа банк жүйеге қосылғаннан кейін қабылдайтын жеке тұлғалардың барлық депозиттері ҚДКҚ кепілдігімен қорғалады. Бұл — барлық қатысушы банктерге ортақ шарт», — деді Өтембаев.

Мемлекет кепілдік беретін сома:

  • теңгедегі жинақ салымдар бойынша – 20 миллион теңгені,
  • теңгедегі жинақ салымдардан басқа карточкалар, шоттар және депозиттер (мерзімді, мерзімсіз, талап етілмелі және т.б.) бойынша – 10 миллион теңгені,
  • шетел валютасындағы салымдар, карточкалар және шоттар бойынша – 5 миллион теңгені құрайды.

BNK Finance Kazakhstan микроқаржы ұйымына банк лицензиясы 25 маусымда табысталып, нарықта BNK Commercial Bank атты жаңа банк пайда болған.

BNK Commercial акционері – BNK Capital Co. компаниясы. Өз кезегінде бұл оңтүстік кореялық BNK Financial Group холдингінің еншілес ұйымы. Бұл қаржы ұйымы Кореядан бөлек, Қытай, Вьетнам елдерінде жұмыс істейді. Актив көлемі 103 млрд долларға тең, әлем бойынша 12 мыңға жуық қызметкерлері бар.

Сондай-ақ оқыңыз