Банктер несие алуға шешім қабылдау үшін 24 сағат ойлану мүмкіндігін береді

Жарияланды 8 Шілде 2025 11:53

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Фото: ашық дереккөзден

Енді банктен несие алу уақыты созыла түседі. Несиеге рұқсат берген күннің өзінде оны тек 24 сағаттан кейін ғана аударады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осындай заң жобасын жариялады. Бұл құжат қазақстандықтарды алаяқтар сырттай рәсімдеп жіберетін несиелерден қорғау үшін жасалған.

Егер азамат интернет арқылы 150 АЕК-тен жоғары сомаға (2025 жылғы есеппен 589 мың) тұтынушылық несие алса, банк «күту кезеңін» енгізуге міндетті. Оған сәйкес, банк ақшаны келісімге қол қойған сәтте емес, тек 24 сағаттан кейін ғана аударады. Ол үшін клиент egov арқылы қол қоюы керек.

Микроқаржы ұйымдарына да осындай талап қойылады. Егер қарыз алушы бір күн ішінде бірнеше микроқаржылық ұйымнан жалпы сомасы 150 АЕК болатын микрокредиттер рәсімдесе, ақша оған бірден аударылмайды. Ол банктің филиалы немесе микроқаржы ұйымында келісім-шартқа отыру қажет.

Ал жасы 21-ден кіші және 55-тен жоғары тұтынушылардың келісімін алса ғана, банк немесе микроқаржы ұйымы кредит бере алады.

Әзірге бұл заң жобасы 18 шілдеге дейін талқылауда болады.

Сондай-ақ оқыңыз