
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің кейбір мәселелері туралы» заңға қол қойды. Жаңа құжатқа сәйкес, Ұлттық қорды басқару туралы кеңестің төрағасы Тоқаев болады.
Бұл дегеніміз Ұлттық қорды және БЖЗҚ-ны басқару тікелей президенттің қарамағына өтеді. Тоқаевтан бөлек кеңес құрамына премьер-министрі, сенат төрағасы, Президент Әкімшілігінің басшысы, Ұлттық Банк төрағасы, Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы, Қаржы министрі, Ұлттық экономика министрі енеді.
Төрағаның міндеттері:
- Ұлттық қор ресурстарын пайдалану және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры активтерін басқару мәселелері бойынша Президентке ұсыныстар дайындау және көмек көрсету;
- Қорды қалыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Қорды пайдалану көлемі мен бағыттары туралы ұсыныстар қарау;
- Қорды инвестициялау үшін рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімін ұсыну;
- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқаруын, инвестициялық бағыттарын және сатып алу құралдарын белгілеу үшін ұсыныс әзірлеу;
- Зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген құралдар тізімін әзірлеу;
- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі туралы жыл сайынғы есепті қарау және мақұлдау
Бұған дейін кеңестің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев еді. 2023 жылы қаңтарда оны бұл лауазымнан алып тастады.
Ұлттық қор 2000 жылы мұнай мен басқа да шикізаттан түсетін табысты жинақтау үшін резерв ретінде құрылған еді. Бірақ қазір Ұлттық қор қаржысының қалай жұмсалып жатқанына сұрақ көп. Депутаттарға ұлттық қордағы резервке жауапты Ұлттық банк ұйым есебін халықаралық стандарттарға сай жарияламайды деп сынға алған еді.