Ұлттық Банк қаржы инфрақұрылымын реформалауға кіріседі

Жарияланды 15 Шілде 2025 10:57

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық Банк қаржы заңнамасы бойынша ауқымды реформалар әзірлеп жатыр. Бұл жайлы Үкімет отырысында төраға Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

«Биыл мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің қаржы заңнамасы бойынша ауқымды реформалар топтамасы әзірленіп жатыр. Бұл топтамада банктер, төлемдер, бағалы қағаздар нарығын дамыту және басқа да мәселелер қамтылған. Оған қоса Цифрлық қаржы активтерін реттеуді және Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын енгізуді жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті ол.

Әзірге реформалардың қай уақытта жарияланатыны белгісіз. Бірақ бұл реформалардың крипто, цифрлық теңгелерге қатысты болуы мүмкін.

Қазір цифрлық теңге жобасы пилотты түрде жұмыс істеп тұр. Осыған дейін Ұлттық банк 257,7 млрд цифрлық теңге шығарған. Премьер-министр Олжас Бектеновтың тапсырмасы бойынша, бюджет есебінен жүз ірі жоба цифрлық теңге форматына ауысатын болды.

Бұдан бөлек Үкімет криповалютаға назар аударылады. Бұған дейін Тимур Сүлейменов елге қайтарылған қаражат арасында криптовалюта активі көп екенін айтқан. Тоқаев тапсырмасы бойынша, елде енді крипторезерв құру жоспарланған. Қайтарылған криптовалюталар сол резервке қосылмақ.

Сондай-ақ оқыңыз