
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) зейнеткердің шамамен 160 млрд теңгесін «Бәйтерек» пен «Самұрық-Қазына» облигацияларына құйды. Қордың инвестициялық есебінде осындай мәлімет бар.
2025 жылғы маусым айында «Бәйтеректің» құнды қағаздарына 69,9 млрд теңге салынған. Оның жылдың түсімі – 17,5%.
БЖЗҚ «Самұрық-Қазына» облигацияларына одан да көп қаражат құйған – 90 млрд теңге. Қаражат түсімі 3,5% болатын құнды қағаздарға жұмсалған.
Бұған қоса, зейнетақы қоры биыл маусым айында ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік құнды қағаздарын алған. Оларға 142,5 млрд зейнеткер ақшасы жұмсалған. Оның жылдық түсімі – 16,37%.
Сонымен бірге, маусым айында зейнетақы қоры Құрама Штаттар қазынасының облигацияларына 61,4 млрд теңге жұмсаған. Оның жылдың түсімі 4,32%. Мамырдың аяғында қор АҚШ-қа берешегін жабуға 2,3 трлн теңге жұмсаған. Сол себепті құнды қағаздар портфелі бар болғаны 2,7%-ға артқан.
Бұған қоса, маусым айында ForteBank (1,94 млрд) мен Kaspi Bank (59,1 млрд теңге) облигацияларының ақшасы төленген.
Бұған дейін Kursiv.Media үкімет «Самұрық-Қазына» қорын тарата ала ма деген сауалға жауап іздеген.
Биыл маусым айының аяғында парламент депутаты «Самұрық-Қазына» мен «Бәйтеректің» жұмысын сынаған.