Биткоин 122 мың долларға дейін қымбаттады

Жарияланды 11 Тамыз 2025 11:23

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Bitcoin
Фото: Shutterstock

11 тамызда Биткоин (BTC) бірден 3,33%-ға қымбаттап, 122 мың долларға дейін жетті. Нарықта криптовлаюталардың басқа да түрлері қымбаттап жатыр. Мәселен, Эфириум құны 4 300 доллардан асты.

Биткоин бағасы айналдырған үш тәуліктің ішінде бірден 5 мың долларға өсті. Қазір ол шамамен 122 мың долларға саудаланып жатыр. Бұл – крипвалюта тарихындағы жаңа рекорд.

BTC-ның нарықтағы капиталы да айтарлықтай өсті. Енді Биткоинның нарықтағы құны 2 трлн 429 млрд доллар тұрады.

Дереккөз: coindesk.com
Дереккөз: coindesk.com

Биткоин ғана емес, нарықта криптовалютаның басқа да түрлері қымбаттап жатыр. Мәселен, Эфириум (ETH) 1.80%-ға көтеріліп, 4 300 долларлық межеге қайта көтерілді. Тамыздың басында ғана ETH бар болғаны 3,5 мың доллар тұратын.

Енді Эфирумның нарықтағы капиталы 519 млрд доллардан асады. Ол – әлемдегі екінші криптовалюта.

11 тамызда Бинанс Коин (BNB) 1,49%-ға артып, құны 820 доллардан асты. Ал Солана (SOL) 2,25%-ға көтеріліп, бағасы 185 долларға жетті.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 14 шілдеде Биткоин бағасы алғаш рет 120 мың доллардан асқан.

Bitcoin тарихы 2008 жылдан бастау алады. Сол жылы әлем қаржы дағдарысынан ес жия алмай жатқанда, Сатоши Накамото деген бүркеншік атпен танылған адам (немесе адамдар тобы) биткоин жүйесін сипаттайтын ғылыми мақаласын жариялады. 2009 жылы алғашқы биткоин транзакциясы өтіп, желі жұмысын бастады. Ол кезде бір биткоиннің бағасы небәрі 1 центке де жетпейтін еді. Бірақ арада он шақты жыл өтпей жатып, биткоин миллиондаған адамның назарын аудартты.

Сондай-ақ оқыңыз