2024 жылы ЕАЭО бюджетіне кедендік баждан рекордтық 15,2 млрд доллар түсті

Жарияланды 15 Тамыз 2025 16:51

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
ЕАЭС
Фото: Shutterstock

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бюджетіне кедендік баждан түскен 15,2 млрд долларды құрады. Бұл рекордтық көрсеткіш деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) баспасөз қызметінен.

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшылары ЕЭК-тің кедендік баждарының сомасын мүше елдердің бюджеттері арасында бөлу және аудару туралы жыл сайынғы есебін қарады. Құжатқа сәйкес, 2024 жылы одақ елдерінің бюджетіне 15,2 млрд доллар түсті. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда шамамен 3%-ға көп», – деп жазылған хабарламада.

ЕЭК атап өткендей, бұл көрсеткіш 2015 жылдан бері, яғни ЕАЭО-ны құру туралы шарт күшіне енгеннен бергі ең жоғары деңгей болды.

«Импорттық кедендік баж көлемінің өсуі оң динамиканы көрсетеді. Біздің міндетіміз – тек қазіргі көрсеткіштерді сақтау ғана емес, сонымен қатар интеграциядан түсетін экономикалық тиімділікті одан әрі арттыруға жағдай жасау», – деді ЕЭК-тің экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Баждан түсетін пайда одаққа мүше елдер арасында бөлінеді. Бірақ одаққа мүше елдер арасында кедендік түсімнен түскен қаржының қалай бөлінгені жарияланған жоқ.

Былтыр депутаттар ЕАЭО бойынша кедендік түсімнен алатын үлесі  аз екенін айтып, оны көбейтуд ұсынған еді. Депутат Ерлан Саировтың сөзінше, ол салық арқылы бюджет тапшылығын жабуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз