
Қазақстанда берілген кредиттердің жалпы қарыз қалдығы 45,7 трлн теңге болды. Бұл – елдегі барлық ақша массасының (экономикадағы барлық ақша) 97%-ына тең. Жалпы ақша көлемі – 47,2 трлн теңге деп жазылған Ұлттық банк сараптамасында.
- Жылдық өсім: кредиттер көлемі бір жылда 22,7%-ға артты.
- Маусымда бір айдың ішінде қарыз көлемі 1,2 трлн теңгеге көбейген.
Кім көбірек несие берді?
- Банктердің несие портфелі бір айда 841,2 млрд теңгеге өсіп, 38,8 трлн теңгеге жетті.
- МФО, «Бәйтерек» құрылымдары мен ипотекалық ұйымдар несие көлемін 338,4 млрд теңгеге арттырып, 6,8 трлн теңгеге жеткізді.
Қай салаға көбірек берілген?
- Бизнеске берілген займдар: +686,8 млрд теңге (жалпы көлемі 21,1 трлн теңге).
- Халыққа берілген кредиттер: +492,8 млрд теңге (жалпы көлемі 24,5 трлн теңге).
Валюта құрылымы:
- Теңгемен берілген кредиттер – 41,2 трлн теңге (90,2%)
- Шетел валютасымен – 4,5 трлн теңге (9,8%).
Айта кетейік, бүгін қаржыгерлер қауымдастығы елдегі несие нарығына қатысты сараптамасын жариялады. Сарапшылардың есептеуінше, осы жылдың қаңтар-маусым аралығында жаңадан берілген несиелер көлемі 14,4%-ға көбейсе, бір жыл бұрынғы дәл осы кезеңде көрсеткіш 28,8% еді.