Еуропалық ірі банк Қазақстандағы қаржы ұйымын сатып алуы мүмкін

Жарияланды 25 Қыркүйек 2025 17:02

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Еуропадағы ірі банк Қазақстандағы екінші деңгейлі банктің бірін сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова айтты деп жазады Kapital.kz.

«Біз сатып алушы банкті атай алмаймыз, бұл ақпаратты жариялауға келісімін берген жоқ. 2025 жылдың соңы немесе 2026 жылдың басында айта аламыз деп сенемін», – деді ҚНРДА төрағасы.

Бірақ Қазақстандағы ірі банкке қызығып отырғанын атап өтті.

«Ірі банк. Бұл мәмілені қатты күтіп отырмыз, себебі ол президенттің Қазақстан нарығына үш шетелдік ойыншыны тарту керек деген тапсырмасына орындауға бағытталған. Қазір бізде екі шетелдік банк бар, бірақ олар шағын. Ол – Bereke Bank (Lesha Bank LLC (Public) еншілес ұйымы және BNK Commercial Bank). Бірақ өсуге әлеуеті бар», – деп атап өтті Әбілқасымова.

Шетелдік банктердің келетіні туралы Әбілқасымова осыған дейін де құлаққағыс еткен. Олардың бірі ретінде Abu Dhabi Commercial Bank атаған. Агенттік басшысының сөзінше, ол банк Қазақстанда әмбебап лицензиямен жұмыс істейтін тағы бір банк ашқысы келеді.

Сондай-ақ оқыңыз