Тұрсынғали Алагөзов топ-менеджерлеріне 62,7 млн теңге төледі

Жарияланды 1 Қазан 2025 17:13

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Тұрсынғали Алагөзов / Фото: ашық дереккөзден

Алкогольсіз сусындар өндірушісі Galanz Bottlers компаниясының басқарма мүшелері 2024 жылы 62,7 млн теңге табыс тапты. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 74%-ға жоғары деп жазылған қаржы есебінде.

2023 жылы басқарма мүшесі төртеу болса, 2024 жылы оның құрамында бес адам болды. Бірақ олар бір уақытта жұмыс істемеген. Жыл бойы басқармада төраға Ихтияр Заурбеков пен Арслан Жұмабаев тұрақты қызмет етті.

Шілде айында басқармадан Еділ Әкімжанов шығарылып, оның орнына Ирина Быченкова келді. Жыл соңында, желтоқсан ортасында, басқарма төрағасының орынбасары Талғат Бидайбеков қызметінен кетіп, оның орнын Жұмабаев басты.

Жалақы мен сыйақының айтарлықтай өсуі компания пайдасының артуымен байланысты болуы мүмкін. 2024 жылы Galanz Bottlers-тің таза пайдасы 17,3 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 55,1%-ға немесе 6,1 млрд теңгеге артық.

Компанияның түпкілікті бақылаушысы – кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов. Ол қол астында жұмыс істеген 100 қызметкеріне пәтер сыйлап, көпшіліктің есінде қалды.

Сондай-ақ оқыңыз