Қытайдағы ең танымал автокөліктер белгілі болды

Жарияланды 19 Қазан 2025 16:04

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Қытайда BYD бернді сұрансықа ие / Фото: kursiv.media архиві

2025 жылдың басынан бері Қытай Халық Республикасында ең сұранысқа ие бренд BYD атанды, ал ең көп сатылған модель атағын электрокар Geely Xingyuan сақтап қалды. Бұл туралы «Қытай автомобильдері» басылымы жергілікті дилерлік ассоциациялардың жинақталған деректеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Қытайлықтар үш тоқсан бойы жергілікті және шетелдік брендтердің автокөліктерін белсенді сатып алған.

BYD концерні Қытайда 2,3 миллионнан астам көлік сатқан, жақын бәсекелестерінен айтарлықтай алда тұр. Дегенмен бәсекелестер өз қысымын күшейтіп жатыр, нәтижесінде BYD сату өсімі мен нарықтағы үлесін төмендетіп отыр. Екінші орында — Volkswagen концерні (1,4 миллион көлік), үшінші орында — Toyota (1,15 миллион). Ал топ-5 қатарын қытайлық Geely мен Wuling 864,4 және 704,6 мың көлік сату көрсеткішімен толықтырды.

Модельдік есеп бойынша, үш тоқсанның қорытындысы бойынша және жылдың ортасындағы жағдайға сай, ең сұранысқа ие — Geely Xingyuan хэтчбекі, ол бірінші орында тұрған Tesla Model Y кроссоверін ығыстырды (қызығы, Tesla маркасы жалпы рейтингте тек 10-шы орында тұр). Бірінші модельдің сатылымы 343,3 мың дана болса, екіншісін 292,8 мың қытайлық сатып алған. Үшінші орында жақында жаңа буынға ауысқан шағын әрі қолжетімді электромобиль Wuling Hongguang Mini EV.

Сарапшылар нарықтың алғашқы бестігіне BYD компаниясының Qin Plus пен Seagull модельдерін де қосты. Айта кету керек, 2025 жылы ең көп сұранысқа ие он модельдің жетісі жергілікті брендтерге тиесілі.

Айта кеткйік, Еуропада қолданылған қытай электромобильдерінің бағасы күрт төмендеуде. Бірнеше жыл бұрын MG, BYD, NIO секілді маркаларға қызығушылық танытқан нарық, бүгінде кері үрдісті байқатып отыр. 

Сондай-ақ оқыңыз