Оқушылар сынып жетекшісіне Шакираның концертіне билет сыйлады 

Жарияланды 2 Қазан 2026 17:23

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
коллаж kursiv.media

Оқушылар ұстаздар күніне орай мұғаліміне Бішкекте өтетін Шакираның концертіне билет сыйлады. Бұл туралы мектеп мұғалімі Әсел Жусанбай әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

Мұғалім фото-видео жариялап, мұндай сыйлық аламын деп күтпегенін жазған. 

«Бүгін сыныбым ұстаздар күнімен құттықтап, Шакираның концертіне билет сыйлады. Шынымды айтсам, мұндай сыйлық аламын деп ойламадым», – деп жазды Жусанбай.

Смотреть в Threads

Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратура мұғалімдер күні қарсаңында жаңа алаяқтық схема тарап жатқанын хабарлады. Шетелдік дереккөздердің мәліметінше, алаяқтар педагогтерге арналған сыйлықтарды тиімді бағамен ұсынатын жалған сайттарға сілтемелер жібереді.

Шакираның концерті

Шакираның концерті 18 қазанда Bishkek Arena стадионында ұйымдастырылады. Билеттер 1 қазанда сатылымға шықты. Бірінші күннің өзінде 13 мыңнан астам билет сатылған, ал шетелдік сатып алушылар арасында Қазақстан тұрғындары бірінші орында тұр. 

Сондай-ақ оқыңыз