Адалят Әбдіманапова: елдегі банктер ESG-сауат ашуға көңіл бөлуі тиіс

Жарияланды 21 Қазан 2025 14:33

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Kursiv ESG Conference 2025
Адалят Әбдіманапова, ESG сарапшы / фото: Kurrsiv.Media, Делия Айдаралиева

Дүниежүзілік банк тобының мүшесі Адалят Әбдіманапованың пікірінше, Қазақстандағы банктер ESG-сауат ашуға ерекше көңіл бөлуі тиіс. ESG сарапшысы Kursiv ESG 2025 конференциясында осындай ұсыныс тастады.

«Қазақстандағы банктердің кейбірі ESG-сауат ашумен белсенді түрде шұғылданып жүр. Осы уақытқа дейін қаржы сауаты маңызды болса, енді ESG-ге кезек келді. Банктер сауат ашудың осындай түрін өз клиенттері арасында дәріптей алады», – деп есептейді Әбдіманапова.

Қазақстан бизнесі үшін ESG таңсық ұғым емес. Мәселен, компаниялар жыл сайын ESG есептерін жариялап отырады. Әбдіманапова елдегі қаржы нарығын қадағалаушы мекеменің осындай есептер стандарттарын қабылдағанын елеулі оқиға ретінде атап өтті.

Форум модераторы Сергей Домнин және спикерлер / фото: Kursiv.Media, Делия Айдарәлиева
Форум модераторы Сергей Домнин және спикерлер / фото: Kursiv.Media, Делия Айдарәлиева

Environmental, Social, Governance – Қоршаған орта, Әлеумет және Басқару. ESG – тұрақты бизнес пен әлеуметтік жауапкершілікті бағалауға арналған өлшемдер жиынтығы.

Осының алдында Kursiv.Media бас директоры  Анастасия Новикова ESG ұғымы нені білдіретінін түсіндірген.

Сондай-ақ оқыңыз