Демалыста долларды қаншаға сатып аламыз

Жарияланды 14 Қараша 2025 19:09

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
доллар теңге
Демалыста долларды қаншаға сатып аламыз / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Қазақстан қор биржасы (KASE) шетел валюталарымен сауда-саттық нәтижелерін жариялады. 14 қарашадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 522,77 теңгені (күніне -1,34 теңге) құрады.

Сауда-саттық барысында бір доллар үшін ең жоғары баға 524,49 теңгеге дейін, ең төмен баға -520,6 теңгеге дейін болды. Сауда-саттық көлемі 287,6 млн (++15,9 млн) доллар болған кезде күніне барлығы 945 келісім болды.

Елдегі айырбастау пункттерінде валюта бағамдары былай қалды:

  • Доллар: сатып алу – 522-523 теңге, сату – 529-530 теңге;
  • Еуро: сатып алу – 605-606 теңге, сату – 615-616 теңге;
  • Рубль: сатып алу – 6,4 теңге, сату – 6,55 теңге.

Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамының неліктен тұрақты болып тұрғанын айтқан еді.

Биыл қыркүйекте доллар «псохологиялық меже» – 550 теңгеден асты. Осы ретте Halyk Finance сарапшылары 2025 жылдың соңына қарай доллар бағамы 550 – 560 теңгеге жетеді, ал 2026 жылы бір доллар үшін 610 теңге болуы мүмкін деп болжаған.

Алайда қазан-қараша айларында доллар қайта арзандап, 525 теңгеге дейін түсті . 14 қарашада Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 523,1 теңгеден саудаланып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз