Қарызды бір күн кешіктірген азаматтарға кредит берілмейді

Жарияланды 18 Қараша 2025 10:17

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
новые кредиты
Фото: Shutterstock

Енді қаржы мекемелері берешекті бір күн кешіктірген азаматтарға кредит бермейді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұтынушы несиесін шектеуді көздейтін қаулы қабылдады.

Құжатта кейінгі 12 айда 90 күн төленбеген қарызы бар азаматтардың борыш жүктемесі коэффициенті (БЖК) 0,5-тен 0,25-ке дейін төмендету көзделген. Мұндай шара тұрғындардың берешегі шамадан тыс көбейіп кетпес үшін жасалып отыр.

Агенттік кепілсіз кредит қандай жағдайда берілмейтінін түсіндірді:

  • банкке қарыз 30 күннен асса, микрокредиттер бойынша 1 күннен аса төлем мерзімі өткен кезде;
  • 2025 жылғы 1 шілдеден бастап кейінгі 36 айда негізгі борыш және сыйақы бойынша толық кешірілген берешек болған кезде;
  • кейінгі 12 айда қарыз алушының өз міндеттемелерін тиісінше орындауына ықпал етпеген қайта құрылымдау жүргізілсе.

Мұндай өзгеріс келесі аптада, яғни 2025 жылғы 24 қарашадан бастап күшіне енеді.

Бұған дейін Kursiv.Media елде кредит алу қиындайтынын жазған. Сол кезде Ұлттық банк жаңа ереже енгізетінін айтқан.

Агенттік кредитін бір ай кешіктіріп төлейтіндерге жаңа несие бермейтінін қыркүйектің басында ескерткен.

Сондай-ақ оқыңыз