2026 жылға АЕК көлемі белгіленді

Жарияланды 26 Қараша 2025 23:08

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Қандай мамандық иелерінің млн теңге айлық алатыны анықталды / фото: KursivMedia мұрағаты
2026 жылға АЕК көлемі белгіленді / Фото: Shutterstock

Бүгін Парламент 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап төменгі зейнетақы, базалық зейнетақы, ең төменгі жалақы және айлық есептік көрсеткіш көлемін бекітті.

Оған сәйкес, елімізде 2026 жылы зейнетақы көлемі 10% көтеріледі. Негізгі әлеуметтік көрсеткіштер де қайта қаралды:

  • ең төменгі зейнетақы – 69 049 тг;
  • базалық зейнетақы – 35 596 тг;
  • ең төменгі жалақы – 85 000 тг;
  • АЕК – 4325 тг;
  • күнкөріс деңгейі – 50 851 тг.

Өзгерістер 2026-2028 жылдарға арналған бюджетке енгізілді. Қорытынды құжатқа ЕТЖ-ны 110 мың теңгеге дейін арттыру ұсынысы енгізілмеген.

Айта кетейік, осыған дейін Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сенат отырысынан кейін, брифингте зейнетақының неге тек 10%-ға өсетінен түсіндірген еді.

Сондай-ақ оқыңыз