Доллар 510 теңгеден төмен бағаға сатылып жатыр

Жарияланды 28 Қараша 2025 12:50

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
доллар теңге валюта
Доллар 520 теңгеден арзандады / shutterstock

28 қарашада Қазақстан қаржы биржасында (KASE) доллар күрт арзандады. 1 АҚШ доллары шамамен 510 теңге болды. Бір тәулікте ұлттық валюта шамамен 6 теңгеге нығайды.

Ұлттық валюта елде базалық мөлшерлеме туралы маңызды шешім қабылданған күні нығайып жатыр. Бүгін Ұлттық банк (ҰБ) оны 18% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды.

Айта кетейік, бір күн бұрын KASE-дегі валюта саудасы 516,20 теңгемен жабылған. Ал бүгін сағат 14.30-дағы жағдай бойынша 1 доллар 509,40 теңге болып тұр.

Қазірдің өзінде, сағат 14:15-те шамамен 247 млн долларға валюта саудасы жасалғанын ескерте кету керек. Соған қарағанда, ҰБ теңгені нығайту операциясын жүргізіп жатқанға ұқсайды. Естеріңізге сала кетейік, орталық банк биыл теңгені нығайту үшін 5 млрд доллар жұмсаған. ҰБ төрағасы Тимур Сүлейменов қараша-желтоқсанда тағы 1 трлн теңге салатынын мәлімдеген.

Қазақстандағы валюта айырбастау мекемелерінде де доллар арзандап жатыр. Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматы қаласындағы валюта пунктерінде 1 доллар 510 теңгеден қабылданып, 514 теңгеден сатылады. Астана қаласында бағам сәл жоғарырақ – 511 және 518 теңге.

Сондай-ақ оқыңыз