Доллар 502 теңгеге дейін арзандады

Жарияланды 3 Желтоқсан 2025 12:19

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
доллар теңге
фото: shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Ұлттық валюта бүгін де нығайып жатыр. 3 желтоқсан, сәрсенбіде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) валюта саудасы барысында, түскі сағат 12:00-де, 1 доллар 502,55 теңге болды.

Осылайша төл теңге санаулы сағаттың ішінде тағы шамамен 5 теңгеге нығайды. Бір күн бұрын – 2 желтоқсанда да ұлттық валюта бірден 5 теңгеге күшейген.

Елдегі екінші деңгейлі банктер де долларда 502-503 теңге аралығында айырбастап жатыр.

Валюта нарығындағы өзгеріс айырбас мекемелерінің бағасына әсер етті. Kurs.kz мәліметінше, сәрсенбі күні түсте Алматы қаласында валюта айырбастау пунктері долларды 504 теңгеден қабылдап, 506 теңгеден сатып жатыр. Астанада, әдеттегідей, бағам сәл жоғарырақ – 503 және 510 теңге.

Жақында ғана Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңгені нығайтуға қараша-желтоқсан айларында тағы 1 трлн теңге жұмсайтынын мәлімдеген. Оның алдында ҰБ интервенцияның бірі түрі – «айналау» әдісіне 5 млрд доллар жұмсаған.

Сондай-ақ оқыңыз