Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиядан айырылды

Жарияланды 15 Желтоқсан 2025 10:05

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
сот орындаушысы
фото: shutterstock

Шымкент қаласында 12 жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиядан айырылды. Бұл туралы Kursiv.Media Бас прокуратура мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

Құзырлы мекеме олардың заң бұзғанын анықтаған. Мәселен, борышкердің ел аумағынан шығуына бұрын қойылған шектеулерді заңсыз алып тастаған. Бұған қоса, еңбек демалысы кезінде сот орындаушысының көмекшілері атқарушылық істі жүргізген.

Олардың әрекетіне қатысты шағымдар Әділет министрлігіне жолданды.

Арыздарды қарау барысында 85 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Сонымен бірге жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына берілген мемлекеттік лицензияларынан айыру туралы сотқа талап қойылды.

Сот министрлік талабын қанағаттандырып, 12 жеке сот орындаушысы лицензиядан айырылды. Сот актісі күшіне енді.

Бұған дейін Kursiv.Media cот орындаушысы қарызы бар әйелді романтикалық кездесуге шақырып, ұстап алғаны туралы жазған.

Сондай-ақ оқыңыз