2026 жылдың алғашқы күндеріне арналған доллар бағамы

Жарияланды 31 Желтоқсан 2025 16:04

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
доллар бағамы 2026 жыл
фото: shutterstock

2026 жылдың басындағы демалыс күндерге арналған доллар бағамы анықталды. Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 15:30-да 1 доллар 505,53 теңге болды. АҚШ валютасы бір тәулікте 3 теңгеге нығайды.

Ұлттық банк (ҰБ) дәл осы бағамды жаңа жылдағы демалыс күндерге ресми бағам деп белгіледі.

Елдегі валюта айырбастау мекемелерінде де доллар қымбаттап жатыр. Kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласында 1 доллар 512 теңгеден қабылданып, 516 теңгеден сатылып жатыр. Астана қаласында, әдеттегідей, бағам сәл жоғары – 510 және 517 теңге.

2025 жылы доллар бірнеше мәрте нығайды. Жазда оның құны 550 теңгеге дейін көтерілді. Жылдың екінші жартысында ҰБ ұлттық валютаны күшейту үшін миллиардтаған қаражат жұмсап, бағамды 500 теңгеге дейін түсірді.

Сондай-ақ оқыңыз