
27 қаңтарда Астана уақытымен сағат 9:00-де алтынның бір унциясы 5 075,69 доллардан саудаланып жатыр. Күміс бағасы одан бетер көтерілді – 109,72 доллар.
Өте қымбат
Алтын 5 мың долларлық межені бір күн бұрын, яғни 26 қаңтарда еңсерген. Сол кезде бағалы металл бағасы 5 100 долларға дейін көтерілген. Кешке қарай баға қайта түскенімен, сейсенбі күні қайтадан жоғарыға қарай жылжыды.
Ал күміс болса бір тәулікте шамамен 6%-ға қымбаттады. Алтын да, күміс те адамзат тарихында мұндай жоғары бағамен ешқашан сатылған емес.
Түрлі-түсті металл құнының көтеруіне бірнеше жайт түрткі болды. Таяу Шығыс пен Украинадағы жанжал, сонымен бірге Дональд Трамп әкімшілігінің әрекеттері инвесторларға алтынды көптеп сатып алуға мәжбүрлеп отыр. Сонымен бірге, олар доллар мен құнды қағаздар активтерін азайтып, алтынға иек артады.
Оның үстіне, әлем елдерінің орталық банктері алтын қорын толтырып жатыр. Соның өзі сұранысты арттырып жіберді. Тағы бір себебі – алтын қоры азайып барады.
Алтын Қазақстанда қанша тұрады
Бұл уақытта Қазақстанда да алтын бағасы көтеріліп жатыр. Оның саудасымен Ұлттық банк айналысады. Қазір алтынның бір грамы 79,7 мың теңге тұрады.
Айта кетерлік жайт, әлем нарығында түрлі-түсті металл бағасы көтерілген соң, саудада алтын мен күміс әшекейлер, зергерлік бұйымдар да қымбаттап жатыр. Саудагерлер оны өзіндік құнының көтерілуімен түсіндіреді.
Ұлттық банк алтын бағасы (соңғы 10 күн)
| Күні | Бағасы (теңге) |
|---|---|
| 2026-01-26 | 79 721.08 |
| 2026-01-23 | 78 458.40 |
| 2026-01-22 | 79 185.42 |
| 2026-01-21 | 77 010.00 |
| 2026-01-20 | 76 435.14 |
| 2026-01-19 | 75 864.48 |
| 2026-01-16 | 75 748.49 |
| 2026-01-15 | 76 030.80 |
| 2026-01-14 | 75 106.79 |
| 2026-01-13 | 75 200.37 |