Доллар бағамы 500 теңгеге қарай төмендеп келеді

Жарияланды 30 Қаңтар 2026 12:15

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
доллар мен теңге бағамы
Доллар бағамы бір жылдан бері 500-ден жоғары болып тұр / фото: shutterstock

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 500 теңгеге қарай төмендеп келеді. KASE-дегі валюта саудасында 30 қаңтарда түскі сағат 12:00-де 1 доллар 501,11 теңге болды. Сауда барысында бағам 500 теңгеден төмен түсті.

Бір күн бұрын Қазақстан қор биржасындағы ақша саудасы 502,36 теңгемен жабылған. Ал жұма күні түске дейін KASE-де ұлттық валюта айтарлықтай күшейгенін көріп отырмыз.

Доллардың теңгеден шаққандағы бағамы ұзақ уақыт бойы 500 теңгеден жоғары болып тұр. Тіпті былтыр жазда бағам 550 долларға дейін көтерілді. Соңғы рет психологиялық маңызды межеден төмен бағам 2025 жылғы наурызда тіркелген. Сол кезде доллар шамамен 490 теңгеден сатылған.

Валюта айырбастау мекелерінде де АҚШ валютасы арзандады. Kurs.kz мәліметінше, жұма күні түсте Алматы қаласында 1 доллар 500.5 теңгеден қабылданып, 502 теңгеден сатылып жатыр. Астана қаласында бағам, әдеттегідей, сәл жоғары – 500 және 507 теңге.

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер доллар бағамын 500-501 теңге аралығында белгіледі.

Сондай-ақ оқыңыз