Алматы мұражайы енді түнгі он екіге дейін ашық тұрады

Жарияланды 3 Ақпан 2026 17:18

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

​​General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
Қайта жаңғыртылған Нұрғиса Тілендиев музейі жұмысын бастады
фото: Нұрғиса Тілендиев музейі

Алматыдағы мұражайлар ақпаннан бастап жаңа кестемен жұмыс істейді. Бұл туралы мәдениет басқармасынан хабарлайды.

Енді Алматы мұражайы 10.00-ден бастап түнгіон екіге дейін жұмыс істейді. Яғни қала қонақтары мен туристер тек күндіз емес кешкі уақытта да келе алады. Ал дүйсенбі бұрынғысынша тазалық күні болып қала береді.

Мұражайдың жұмыс кестесін өзгерту аудиторияны көбейтіп, жұмыстан немесе оқудан кейін де мәдени орындарға барғысы келетіндер үшін жасалған. Бұған дейін тек кешкі жетіге дейін ғана істейтін.

Алматы мұражайы – маңызды мәдени орталықтардың бірі. Мұнда 11 зал бар, ежелгі уақыттан бастап қазіргі заманға дейінгі Алматы тарихын қамтиды.

Айта кетейік, жақында Алматы кітапханаларының жұмыс уақыты да ұзарған еді. Енді Қазақстан жазушылар кітапханасы мен Розыбакиев көшесі, 247 мекенжайында орналасқан мекемелер де түні бойы істейді.

Сондай-ақ оқыңыз