Freedom Holding Corp: тоғыз айдағы түсім 1,7 млрд долларға жетті

Жарияланды 10 Ақпан 2026 09:33

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
FRHC
Фото: Shutterstock

Тимур Турловтың Freedom Holding Corp компаниясы 2026 салық жылының үшінші тоқсандағы (2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталды) қаржы нәтижелерін жариялады. Тоғыз айдағы түсім 1 688 млн доллар болды.

Басты қаржы көрсеткіштері

Компания 2025 жылғы қазан-желтоқсан айларында 76,2 млн доллар таза пайда тапты. Ал тоғыз айдағы таза пайда 145,4 млн доллар болды.

 2026 салық жылы III тоқсан (2025 жылғы қазан-желтоқсан)2026 салық жылы 9 ай (2025 жылғы сәуір-желтоқсан)
Түсім628,6 млн доллар1 688 млн доллар
Салыққа дейінгі пайда93,9 млн доллар195 млн доллар
Таза пайда76,2 млн доллар145,4 млн доллар
Бір жай акцияға шаққандағы пайда*1,27 АҚШ доллары2,43 доллар

«2026 салық жылының үшінші тоқсандағы қорытындысы бойынша Freedom Holding Corp. одан әрі қарай дамыды. Өзгермелі макроэкономикалық орта мен жаңа реттеуші талаптар жағдайында да біз жоғары көрсеткіштерді сақтап, клиент санын тұрақты түрде арттыра алдық. Ол икемді стратегия мен инновацияның арқасы», – дейді Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры Тимур Турлов.

2025 жылдың басты жетістіктері

Корпорация құрамына кіретін компаниялар клиенттерінің жалпы саны 7,2 млн-ға дейін өсті. Соның ішінде брокерлік шоттар – 828 мың, сақтандыру компанияларының клиенттері – 1,2 млн, көрсетілетін банк қызметтерін пайдаланушылар – 4,5 млн болды. Ал Freedom SuperApp-ты пайдаланушылар 4,3 млн адамға жетті.

Freedom экожүйесінің периметрі бойынша, серіктес компаниялардың пайдаланушыларын ескере отырып, клиенттердің жалпы саны 11 млн-нан асады.

Freedom Holding Corp холдингі мен оның еншілес компанияларында 11,3 мыңнан астам қызметкер бар. Корпорация бөлімшелері мен еншілес компаниялары Қазақстан, АҚШ, Кипр, Польша, Испания, Өзбекстан, барлығы 21 елде орналасқан.

Freedom Holding Corp қаржы, брокерлік, бағалы қағаздармен сауда, инвестиция, ипотека, сақтандыру, телекоммуникация, билет сату, онлайн супермаркет қызметтерін ұсынады.

Компаниясының жай акциялары АҚШ-тың Nasdaq Capital Market-те FRHC тикерімен саудаланады.

Сондай-ақ оқыңыз