Шухрат Ибрагимов Еуразиялық қаржы компаниясының ортақ иесі атанды

Жарияланды 11 Ақпан 2026 16:41

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

​​General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
фото: Еуразиялық банктен

Еуразиялық қаржы компаниясының акционерлері ауысты. Енді Шухрат Ибрагимов «Еуразиялық қаржы компаниясының» тең иесі атанды. Бұл жайлы компанияның есебінде жазылған.

Шухрат Ибрагимов – миллиардер, ERG компаниясының негізін қалаушы Әлдіжан Ибрагимовтың ұлы. Оған Еуразиялық банк, «Еуразиялық капитал» брокерлері холдингі және «Еуразия» атты сақтандыру компаниясы қарайды.

Бұған дейін Шухрат Ибрагимовтың орнына оның анасы Мұхадасқан Ибрагимова отырған еді. 9 ақпанда акционерлер құрамы өзгеріп, орнына ұлы келген.

Шухрат Ибрагимов – ERG компаниясының бас атқарушы директоры (CEO), Еуразиялық банктің директорлар кеңесінің төрағасы, «Еуразиялық қаржы компаниясы» директорлар кеңесінің мүшесі, сондай-ақ «Еуразия» сақтандыру компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы.

Өткен айда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Шухрат Ибрагимовқа «Еуразия» сақтандыру компаниясы мен «Еуразиялық банк» АҚ-ның ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін алуға келісім берген. Кей дереккөздердің жазуынша,  «Еуразиялық қаржы компаниясының» акцияларының шамамен 33%-ы Ибрагимов атына рәсімделген.

Сондай-ақ оқыңыз