Елде жылына онкологияға шалдыққан 5 мың бала арнайы ем қабылдайды

Жарияланды 15 Ақпан 2026 14:57

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар емді басқаша алатын болады /фото: shutterstock
Кейінгі он жылдағы статистика өзгермеген /фото: shutterstock

Елде жыл сайын онкологияға шалдыққан 5 мыңға жуық бала ем қабылдайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Ресми ақпарат бойынша кейінгі 10 жылда көрсеткіш өзгермеген – 100 мың балаға шаққанда орта есеппен 9,7 бала қатерлі ісікке шалдығады.

Окнологияға шалдыққан балалардың 36%-дан астамында жіті лейкоз, 20%-ында орталық жүйке жүйесінің ісігі, 7%-ында лимфомалар анықталған. Одан кейінгі орында нейробластома және герминогенді ісіктер тұр.

Министрліктің хабарлауынша, жыл сайын 556 төсек базасында 5 мыңға жуық бала ем алады. 2013 жылдан бастап 529 гемопоэздік дің жасушасын трансплантаттау жүргізілген.

«Көз торының ісіктері үшін 90-нан астам селективті интраартериялық химиотерапия операциясы жасалды. Жылына 70-тен астам сүйек кемігін трансплантаттау және сүйек ісіктері кезінде 15 буындарды эндопротездеу жүргізіледі», – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Қазақстанда жыл сайын 40 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдығады. Ішінде екі мыңға жуық әйелден жатыр мойны ісігі табылады. Онкологиялық ауруға шалдыққан әйелге бала көтеруге рұқсат беріледі. Алайда ісіктің қай сатыда анықталғаны мен науқастың жасына назар аударылады.

Елде ер адамдар кіші дәретке жиі баруды қалыпты жағдай деп санайды. Себебін анықтау үшін дәрігерге жүгінбейді. Тіпті «онкология» сөзінен сескенеді. Алайда дәрет сындыру үшін түнде бірнеше рет ояну онкологияның алғашқы белгісі болуы мүмкін

Сондай-ақ оқыңыз