Yenlik пен Дастан Оразбеков Қытайдағы шамдар фестивалінде өнер көрсетеді

Жарияланды 17 Ақпан 2026 12:42

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
коллаж: kursiv.media

Қытайдың Гуанчжоу қаласында 28 ақпан мен 1 наурыз аралығында ерекше шара өтеді. Бұл күндері қалада Шамдар фестивалі мен «Жібек жолы» халықаралық музыка фестивалі өтеді.

Фестивальде Қытай мен Қазақстанның ең жарқын жұлдыздары бір сахнада өнер көрсетеді. Қазақстандық әртістердің шоғырына Дастан Оразбеков, Али Оқапов, ULYTAU, ILIGAI, Kesh You, BALER, ALPHA, QANAI, YENLIK және ADEMI кіреді.

Айта кетейік, 17 ақпанда Қытайда жаңа жыл мерекесін тойлауды бастап кетті. Мереке екі аптаға дейін созылады.

Бұған дейін Жаңа жылдық концертте Жұбаныш Жексенұлы Джеки Чанмен бірге ән шырқағанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз