Этил спирті және парацетамол: қазақстандықтар қандай дәріні жиі сатып алады

Жарияланды 19 Наурыз 2026 15:11

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Минздрав попросили не забалтывать депутатов и объяснить цены на лекарства в Казахстане
Министрлік ең жиі сатылатын 10 препаратты жариялады/фото: shutterstock

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтар қандай препаратты жиі сатып алатынын жариялады.

Сатылым бойынша бірінші орында этил спирті тұр – 4,1 млн дана таңбаланған өнім сатылған.

Екінші орында натрий хлориді – 2,1 млн дана.

Үздік үштікке қызу түсіретін парацетамол препараты кірді – 1,75 млн дана.

Таңбаланған дәрілік заттар арасындағы сатылым бойынша төртінші орында ацетилсалицил қышқылы, бестікті мұрын бітелуі кезінде қолданылатын тамыр тарылтқыш препарат нафазолин тұр.

«Сұранысқа ие препараттардың қатарында Цитрамон П бар – 1,23 миллионнан астам данасы сатылған. Сондай-ақ ТОП-10 тізіміне меновазин – 897 мың, тұмау мен суық тиюге қарсы ТераФлю, белсендірілген көмір – 636 мың және фурацилин – 623 мың сатылған дәрілік зат кірді», – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, 2024 жылдың шілдесінен бастап елді барлық дәрілік затты міндетті цифрлық таңбалау енгізілген.

Сондай-ақ оқыңыз