
Марқұм бизнесмен Александр Машкевичтің жесірі мен қыздары «Еуразиялық банктің» жанама ірі қатысушылары мәртебесін алды. Бұл туралы шешімді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) қабылдады.
Ведомствоның хабарлауынша, мәртебені иеленуге бірден үш адам – Алла Машкевич, Анна Машкевич және Лариса Машкевич келісім алған. Марқұм кәсіпкердің екі қызы мен жұбайы енді жанама иелік ету арқылы банктің ірі қатысушылары ретінде ресми түрде танылды.
Сондай-ақ, агенттік Машкевичтің үш мұрагеріне «Еуразия» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның жанама ірі қатысушысы мәртебесін алуды келісті.
Шешімдер 2026 жылғы 30 наурызда агенттік басқармасының қаулыларымен қабылданды.
2025 жылдың 16 қыркүйегінде сот Шухрат Ибрагимовтың талап-арызын қанағаттандырып, Директорлар кеңесінің бұрынғы шешімдерін заңды деп таныды. Сот шешімімен компания 2024 жылғы қаржыл есебін бекіту және «Еуразиялық банктің» басшылығындағы кадрлық өзгерісті қабылдауды міндеттеді.