Мақпал Жүнісова бортсеріктердің үстінен шағымданды

Жарияланды 8 Сәуір 2026 16:08

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова SCAT әуекомпаниясының бортсеріктерінің үстінен шағым айтты.

Әншінің сөзіне қарағанда, ұшақта терезе жақтағы бос орынға отырмақ болады. Бірақ бортсеріктер орын ауыстыруға үзілді-кесілді қарсы шығады.

«Басеке, мына орындықтар бос тұр. Ана жерге отырайын десем, сенің стюардессаң «бұл ақылы орын» дейді. Ұшақтың есіктері жабылды. Ешкім отырмайды. Бұны қалай түсінуге болады?» – деп сауал тастады SCAT басшыларының біріне.

Мақпал Жүнісова ұшақтың ішін, үш орын қатарынан бос тұрғанын көрсетті. Қай орында отырғанның не айырмасы бар екенін түсінбей дал болды.

«Мен билетті ақша төлеп алдым. Осыны түсіндіріңізші. Меніңше, оныкі (бортсеріктікі – ред) дұрыс емес. Мен біреудің орнына отырмаймын. Бос тұрған орын», – деп қайран қалды халық әртісі.

Мұның алдында Мақпал Жүнісова Қостанайға ұшпақ болған кезде әуежайда күтпеген жағдайға тап болған еді. Оның домбырасына қатысты кикілжің туған. Әуежай қызметкерлері домбыра үшін қосымша ақша төлеу керектігін ескерткен.

Сондай-ақ оқыңыз